Алматыдағы №4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігерлері апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның өмірі үшін күресуде. Науқастар № 4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
«13 наурызда болған әуе апатынан зардап шеккен екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 18:05-те өте ауыр жағдайда түсті. Екеуінің жағдайына қатысты ауруханалар мен ведомстволық медициналық қызмет мамандарынан тұратын қалалық консилиум өтті. Зардап шеккендерді емдеп жатырмыз, бірақ жағдайлары өте ауыр», – дейді Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық.
ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты.
Кейін Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың тәжірибелі мамандар екенін жазды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024