24-12-21 |
750 рет қаралған
3,5 миллиардтық көш: Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимарат ауыстырады.
3,5 миллиардтық көш: Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимарат ауыстырады

Ауыл шаруашылығы министрлігі оң жағалауда орналасқан ғимараттан Министрлер үйіне көшеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

 

Ведомствоның тұрғылықты жерін ауыстыруға 3,5 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Қаражатты республика үкіметі бөледі. 

«Барлық министрліктер сол жағалауда Министрліктер үйінің ғимаратында орналасқан. Өкінішке орай, бізде ол жаққа көшуге мүмкіндігіміз болмады. Біз тек қаражат іздедік, үкіметке рахмет. Біз министрліктер үйінің үшінші кіреберісіне көшетін боламыз. Әрине, бізге қаланың басқа ауданында алыстау жерде отыруға болар еді. Бірақ та бізге дәстүрлі түрде барлық министрліктер отырған жақын жерде жұмыс істеген жөн деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмысына да оңтайлы әсер етеді», – деді министр.

Шөптің қымбаттауы мен құрғақшылыққа қатысты жиі сынға ұшыраған министр көшіру іс-шараларын қаржыландыру басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал етпейтін болады.

«Бұл қаражат басқа бағдарламалар бойынша бағытталады және ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бағдарламаларына ықпал етпейді», – деді министр.

Бұған дейін Маңғыстау облысының фермерлері Ербол Қарашөкеевтен отставкаға кетуді және кәсіби басшыға орын беруді талап еткен болатын. Өйткені құрғақ жаздан кейінгі күрделі жағдай әлі де жақсармай тұр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.