16 наурызда Алматыда аялдамаға соғылып, екі адамды жазым еткен жүргізуші көілік жүргізу құқығынан айырылды және алкогольді ішімдікке мас болғандығы анықталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
«Тәтібеков және Коперник көшелерінің қиылысындағы жол-көлік оқиғасындағы екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі қала прокуратурасы бақылауға алып, іс жүргізу прокуроры тағайындалды.
Іс ҚР ҚК–нің 346-бабы 5-бөлігі бойынша – абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көлік жүргізу құқығынан айырылған, алкогольді ішімдікке мас болған адамның көлік құралын басқаруы тексеріледі», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024