04-10-18 |
1000 рет қаралған
Ақтөбеде көп қабатты үй өртеніп жатыр.
Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан көп қабатты үй өртеніп жатыр. Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, өрт он қабатты 73-үйдің үшінші подъезінің үшінші қабатынан басталған.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ернұр Өтегеновтің айтуынша, өрт жергілікті уақытпен сағат 14:10-да басталған. Екінші және үшінші подъездің тұрғындары эвакуацияланды. Өрт жалыны тоғызыншы қабатқа дейінгі пәтерлерді шарпыды. Өрт әлі сөндіріліп жатыр. Өрттен зардап шеккендер туралы және қанша пәтер немесе қанша шаршы метр аумақ жанып кеткені туралы әзірге мәлімет жоқ.

Өрт болған үй жанында өрт сөндірушілерден өзге жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жүр. Оқиға орнына қала мен облыс басшылары да барды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.