28-08-20 |
250 рет қаралған
Абэ қызметінен кетіп, халықтан кешірім сұрады.
Абэ қызметінен кетіп, халықтан кешірім сұрады
Жапония үкіметін ең ұзақ уақыт басқарған Синдзо Абэ созылмалы дерт салдарынан қызметтен кететінін хабарлады. Премьер-министр қазір елді билеп отырған либералды-демократиялық партия оның ізбасарын тағайындағанша міндетін жалғастыра беретінін жеткізді.
Kyodo агенттігінің мәлімдеуінше, Абэнің мұндай шешім қабылдауына созылмалы ойық жаралы колит диагнозы түрткі болған. 65 жастағы саясаткер денсаулығының сыр беріп жүргенін осыған дейін де жасырған емес. Жуықта екі рет ауруханаға түскенде айналасындағылар келесі сайлауға дейін қызмет атқара алмас деп тұспалдаған еді.
Синдзо Абэ Жапонияның министрлер кабинетін басқаруға алғаш рет 2006 жылдың қыркүйегінде келді. Алайда, бір жылдан соң денсаулығына байланысты қызметтен кетті. 2012 жылдың желтоқсанында ол үкімет басшылығына қайта сайланып, бұл қызметті 8 жыл атқарды.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.