26-11-21 |
1760 рет қаралған
Атырауда ұлына бюджет қаражатынан екі миллион теңге жалақы төлеген депутат істі болды.
Атырауда ұлына бюджет қаражатынан екі миллион теңге жалақы төлеген депутат істі болды

фото: Тұрар Қазанғапов

Атырауда аудандық аурухананың бас дәрігері студент ұлын қағаз жүзінде жұмысқа алып, 2 млн теңге жалақы төлеген. Аурухана басшысы депутат болып шықты. 

Атырау облысы Құрманғазы ауданындық ауруханасының бас дәрігері Гүлсара Мүтиева аурухана бақшашысы жиі жұмысқа келмесе де, уақытылы жалақы аударып отырған. Ең сорақысы, Алматыда оқитын студент ұлын тазалықшы лауазымына қоластына жұмысқа алып, бір жылдың ішінде 2 млн теңгеден астам жалақы төлеген.

Құрманғазы аудандық соты Гүлсара Мүтиеваны кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алмайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.