29-12-20 |
510 рет қаралған
«Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу керек».
«Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу керек»

Қазіргі білім және ғылым министрлігінің жұмыс ауқымы өте үлкен болғандықтан министрлікті екі бөліп, штат санын өсірмей білім министрлігі және жоғарғы білім және ғылым министрлігі етіп екі министрлік құру керек. Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы сенат отырысында айтты.

«Білім және ғылым министрлігі балабақшадан бастап жоғарғы оқу орны, ғылымға дейінгі үлкен салаларды қамтып, жұмыс істеп отыр. Мұндай ауқымды жұмыс еш министрлікте жоқ. Сондықтан министрлікті екі бөліп, штат санын өсірмей білім министрлігі және жоғарғы білім және ғылым министрлігі етіп екі министрлік құратын уақыт келді», – деді сенатор.

Сондай-ақ Мұрат Бақтиярұлы Байқоңыр қаласындағы орыс мектебінде оқитын оқушылар мектепке барып оқыса, қазақ мектебінің оқушылары қашықтан оқып жатқанын айта келіп, ауыл-аудандардағы мектеп оқушыларының мектепке барып оқу мәселесін қайта қалпына келтіру керектігін де айтты.

Сенатордың тағы бір көтерген мәселесі  – кейбір ректорлардың ондаған жыл бойы оқу орнын басқаратыны болды.

«Кейбір адамдар ондаған жыл бойы ректор болып отырады. Қазіргідей нарық қатынастары заманында бұл дұрыс емес. Ректор төрт жылдан артық отырмайтын және екі реттен артық ректор бола алмайтын ұстаным енгізуіміз шарт», – деді сенатор.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.