08-04-19 |
4850 рет қаралған
Бас прокуратура Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты: біз ол видеоны көрдік.
Бас прокуратура Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты: біз ол видеоны көрдік

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов әлеуметтік желіде тараған Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Әрине, біз ол видеоны көрдік. Енді, ол – xалықаралық іздеуде жүрген азамат. Бәріңіз білесіздер, Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан оның жауапкершілігі әлі де қаралады. Өкінішке қарай, бізде Ұлыбританиямен қашып кеткен азаматтарды бір-бірімізге беруге қатысты келісім жоқ. Бірақ біздің барлық құқықтық сұрауларымыз Интерполға да, бәріне жан-жақты жіберілді» депті ол.

Бергей Рысқалиев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 17 жылға сырттай сотталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.