10-01-20 |
390 рет қаралған
Ұшақ апаты: Үкіметтің болжамы белгілі болды.
Ұшақ апаты: Үкіметтің болжамы белгілі болды

Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында ҚР премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфроқұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченко Bek Air ұшағының құлау себебін алдын ала зерттеу болжамын мәлімдеді.

«Сараптама барысында коммисия төрт болжам анықтап отыр. Бірінші, коммерециялық жүктеме және орталықтандыруды бұзу. Екінші, метио жағдайдың, жел, бағыттас ағыс сияқты сыртқы факторлардың әсері. Үшінші пилоттық басқару кезінде экипаж қателігі. Және үшінші, авиациялық техниканың бұзылуы.

Коммисия анықтағандай, коммрециялық жүктеме және орталықтандыруды бұзу болмаған. Екінші болжам бойынша, метио жағдайдың әсері – ұшу жолағында жел тұрақты болған. 130-140 градуста секундына 1-2 метр. Бұл жағдайда желдің жылдамдығына қарасақ, және  ұшақтардың уақыт интервалы, олар 110 секундтық ұшу интервалында болған. Ол төтенше жағдайдың орын алуына себеп емес. 25 желтоқсанның 19:00-нен 27 желтоқсанның сағат 7:00 аралығында ешқандай жел туралы ескерту болмады.

Әуе кемесіне мұз қатқан деген фактіні коммисия болжамы жоққа шығармайды. Екі тәуліктен артық тұрған ұшаққа мұз қатуы мүмкін. Өткен жылдың  25 желтоқсаны сағат 24:00- ден 27 желтоқсанның сағат 8:00 дейінгі аралықта ұшақ қозғалыссыз тұрған. Ал басқа болжамдар бойынша коммиссия МАК мамандарымен және Нидерландының әуе апаты бойынша құзіретті органдармен жұмыс істеуде.

Зерттелген метериалогиялық және коммерециялық жүктеме және орталықтандыруға сараптама бойынша ақпараттарға сүйене отырып, коммиссия борттық әуе кемесіне  мұз қатқан деген болжамға келіп отыр», – дейді ҚР премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.

Премьер-министрдің орынбасары коммиссия әлі де апаттың шығу себебі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.