21-12-20 |
290 рет қаралған
Чили президентіне маскасыз сэлфи жасағаны үшін 3500$ айыппұл салынды.
Чили президентіне маскасыз сэлфи жасағаны үшін 3500$ айыппұл салынды
Чили президенті Себастьян Пинераға маскасыз өтіп бара жатқан адаммен суретке түскені үшін айыппұл салынды. Сурет әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды CNN.
Желтоқсан айының басында әлеуметтік желіде Чили президенті Себастьян Пинераның маскасыз селфи жасаған суреті шыққан еді. Фото пайда болғаннан кейін Пинера көпшілік алдында кешірім сұрады. Ол Кациагуа қаласындағы үйінің жанында жүргенде өтіп бара жатқан әйел оны танып, суретке түсуді сұрағанын айтып, түсіндірді. Алайда Чили президентіне COVID-19 пандемиясы кезінде сақтық шараларын сақтамағаны үшін 3500 доллар айыппұл салынды. 
Бұл Пинераның қоғамдық бақылауда алғашқы жаңылуы емес. Ол өткен жылы теңсіздікке қарсы наразылық кезінде бір кеште пицца тілімімен суретке түскен. Кейін ол демонстрация өткен алаңда суретке түсіп жатқанына адамдар куә болған. 




БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.