09-01-23 |
1020 рет қаралған
Ресей әуе күштерінің авиациясы Беларусь жеріне «бірлескен жаттығу өткізуге» барған.
Беларусь қорғаныс министрлігі Ресей әуе күштерімен бірге тактикалық жаттығу өткізетінін, оған әскери әуе күштері түгел қатысатынын мәлімдеді. Жаттығу 16 қаңтарда басталып, ай соңына дейін жалғасады. Беларустегі жаттығуға қатысу үшін Ресей авиациясы да жеткен.

Бұған дейін Беларусь жеріне Ресейдің он мыңға жуық солдаты апарылған. Мұны екі елдің билігі «батыс шекарадағы жағдайдың ушыққанына байланысты өткізілетін жаттығу» деген болатын.

Украина әскери басшылығы Ресей әскері Беларусь жерінен жаңа шабуыл бастауы мүмкін екенін әлденеше рет мәлімдеген. Соғыс басталған кезде алғаш рет мұндай талпыныс болған.

Батыс пен Украина «шабуылға Беларусь әскері тікелей араласуы мүмкін» деген болжам жасап отыр.

Таяуда Беларусь оппозициясы лидерлерінің бірі Павел Латушко Украинаға басып кірген Ресейге көмектесу үшін Беларусь билігі әскерге мобилизация жасауы мүмкін деп мәлімдеді.

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.