08-03-21 |
680 рет қаралған
Елордалық спортшылар аналардың батасын алды.
Елордалық спортшылар аналардың батасын алды

Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды мерекемен құттықтап барды. Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аналарға гүл шоқтары, сыйлықтар мен азық-түлік таратты.

«Біздің спортшылар үнемі қайырымдылық іс-шаралардың басынан табылады. Бүгін олар біздің қымбатты аналарымызға, әжелерімізге, ардагерлерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлауға келді. Алдағы таңда да біз қашанда көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Қарттар үйінің 83 жастағы әжесі Айғаныс спортшыларға алғыс айтып, батасын берді.

«Біз әжемізден бата алғанымызға өте қуаныштымыз. Барлық аналар мен әжелерді мерекемен құттықтаймыз», – деді муай-тайдан әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.