09-03-21 |
1220 рет қаралған
Ескі iPhone-да WhatsApp желісі тоқтайды.
Ескі iPhone-да WhatsApp желісі тоқтайды

WhatsApp мессенджері iPhone-ның ескі модельдерінде жұмысын тоқтатады, деп хабарлады Arasha.kz сайты Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

iOS-ке арналған қосымшаның соңғы бета-нұсқасында iOS 9 және одан төмен операциялық жүйе орнатылған құрылғыларға қолдау көрсету тоқтатылды. WhatsApp-тың ресми ресурсында бұл ақпарат әлі расталған жоқ.  

Қазіргі уақытта мессенджер қолдау жасайтын iPhone-ға арналған операциялық жүйелердің ресми тізімінде iOS 9 немесе одан жаңа нұсқалары бар.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мессенджер жоғарыда аталған iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке дейінгі операциялық жүйені жаңартпан қолданушылардың құрылғыларында жұмысын тоқтатқан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.