04-12-18 |
1280 рет қаралған
Ингушетияда шенеуніктер ереуілге шыққандар жайлы ақпарат «жинап жатыр»
.
Ингушетияда жергілікті шенеуніктер Шешенстан мен Ингушетия арасындағы шекара келісіміне наразылық танытқандар туралы ақпарат жинай бастаған. Бұл туралы МАШР құқық қорғау ұйымының жетекшісі Магомед Муцольгов хабарлады.  

«Кавказ түйіні» сайтындағы блогында құқық қорғаушы Ресейдің тергеу комитетінен жергілікті шенеуніктердің лауазымын асыра пайдаланылуына қатысты тексеру жүргізуді сұрайды.

Муцольговтің жазуынша, билік ереуілге шығып, шекара келісімі жайлы референдум талап еткендердің контактілерін, мекен-жайлары мен отбасыларының қандай қызметте істейтіні туралы ақпарат жинай бастаған.

Даулы келісімге биыл 26 қыркүйекте Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров пен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қол қойған. Ингушетия тұрғындары өз жері санайтын Сунженский ауданы келісім бойынша Шешенстанға берілетін болғандықтан құжатқа қарсылық танытқан.

4 қазанда Ингушетия астанасы Магас қаласында келісімге қарсылардың митингісі басталған. Бірер күн бұрын ұйымдастырушылар Дүниежүзілік ингуштар құрылтайына дайындалу үшін акцияны 31 қазанға дейін тоқтатқан.

Қарай отырыңыз: Ингуш-шешен жер дауы

Қазанның 30-ында Конститутциялық сот шекара туралы келісімнің күшін жойып, «өзгеріс жалпыхалықтық референдумнан соң қабылдануы керек» деген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.