03-12-18 |
1170 рет қаралған
Катар ОПЕК құрамынан шығады.
Катар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндіруші елдер ұйымы – ОПЕК құрамынан шығады. Елдің жаңа энергетика министрі Саад аль-Кааби дүйсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Министр халықаралық аренада елдің беделін көтергісі келетінін айтып, ОПЕК бұл жайлы біледі деп айтқан.

Қазіргі кезде ұйымға 15 мемлекет мүше. Ең ірісі – Сауд Арабиясы. Өткен жылы Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы жағдай күрт ушыққан.

30 қарашада Ресей мен Сауд Арабиясы Аргентинада мұнай өндіру көлемін шектеу туралы “ОПЕК+” келісімінің күшін ұзарту туралы келіскен. Катардың ОПЕК-тен шығатыны сол оқиғадан кейін екі күннен кейін белгілі болып отыр.

Путин мен саудиялық ханзада Салманның амандасуы (Буэнос-Айрес, 30 қараша 2018 жыл)

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.