14-12-18 |
7270 рет қаралған
Әкімдер мен министрлер де мемлекеттік награда алды.
Әкімдер мен министрлер де мемлекеттік награда алды

Тәуелсіздік күні қарсаңында президент Н.Назарбаев мемлекеттік наградалар мен марапаттарды табыстады. Орден-медаль және мемлекеттік сыйлық алған азаматтардың ішінде түрлі сала мамандарымен бірге облыс әкімдері, министрлер бар.

2018 жылдың әдебиет пен өне саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері:

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ақын

Аққұштап Бақтыгереева, ақын

Өтеген Оралбаев, ақын

«Абай» операсы үшін Т.Н.Әлпиев, С.Ә.Байғожин, Ғ.А.Ахмадияров енген авторлар ұжымына

«Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін А.Қ.Сатаев, Ә.Н.Назарбаева, А.Б.Нөгербек, Ә.Е.Ахметов енген авторлар ұжымына берілді.

Түрлі дәрежедегі мемлекеттік наградалармен марапатталған ондаға азаматтардың қатарын үш әкім, он шененуік болды. Мәселен, «Парасат» орденімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І.Ақсақалов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Атамқұлов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі С.Қ.Ахметжанов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.А.Досаев, Жамбыл облысының әкімі А.И.Мырзахметов, Маңғыстау облысының әкімі Е.Л.Тоғжанов марапатталса, «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов, Ұлттық экономика министрі Т.М.Сүлейменов  бар.

Марапат рәсімі барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев:

– Сіздер мемлекеттің осы жоғары бағасына лайықты болып, Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет ете береді деп сенемін. Жастарымыз өздеріңіз салған жолмен жүріп, жаңа белестерді бағындыратын болады. Отанымыздың қауіпсіздігі мен бақуаттылығы сіздердің қолдарыңызда! Осы жоғары әрі мәртебелі миссияға әрқашан лайық болыңыздар! – деді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.