29-05-19 |
1270 рет қаралған
Әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары рейтингінде Қазақстан 34 орында тұр.
Әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары рейтингінде Қазақстан 34 орында тұр

Әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары рейтингінде Қазақстан Эстония мен Испанияны артта қалтырып, 34 орынға табан тіреген екен. Рейтингті Швецариядағы Халықаралық басқару даму институтының (International Institute for Management Development) сарапшылары жасап, сайттарында жариялапты.

Аталған рейтингтің  көшін Сингапур бастап тұр екен, Сингапур елде жоғары технологиялық инфрақұрылым құру, сондай-ақ білікті жұмыс күшінің болуы себебінен рейтингті басқарды. Гонконг өз кезегінде екінші орынға ие болыпты, оған қолайлы салық саясатын жүргізу ықпал еткен екен. АҚШ болса 3-ші орынға түсіп, 2018 жылғы рейтингпен салыстырғанда екі сатыға төмендеген. АҚШ-тың бәсекеге қабілеттілігіне мұнайдың жоғары бағасы, сондай-ақ жоғары технологиялық өнім экспортының әлсіреуі және доллар бағамының тұрақсыздығы теріс әсер еткен екен.

Ал Қазақстан жоғарыда жайтып өткендей рейитингтің 34 орнында тұр. Еліміз былтырғымен салыстырғанда 4 сатыға көтеріліпті. Тізімде Қазақстаннан кейін Эстония тұрса, алдында 33 реттік санмен Чех Республикасы орналасыпты. Ал көршілес Ресей 45 орында, Қытай 14 орынға табан тіреген. Сондай-ақ еліміз рейтингте Италия, Индия, Кипр, Түркия сияқты елдерден де жоғары тұр.

Рейтингтің авторлары тізімді қалай құрғандарын былайша түсіндіріпті: «Экономиканың өзара тығыз байланыстағы және тез өзгеріп жатқан әлемде жаһандануға қатысты ескертулерден бастап, автоматтандыруға қатысты скептицизмге дейін, тұрақсыздық проблемасынан бастап, енгізу проблемасына дейін өзгеріп тұратын проблемалардан зардап шегеді. Барлық экономика осы проблемаларға бірдей сәйкес келмейді.

Осы проблемалардың шешілу нәтижелерін мемлекеттің көзқарасы тұрғысынан бәсекеге қабілеттілікті бағалауға негізделеді. Нәтижесінде бұл бізге гүлденуге ықпал ететін факторларды тануға мүмкіндік береді. Дәл осылай біз рейтингтеріміз пайдаланылады және түсіндірілетін болады деп күтеміз: бәсекеге қабілеттілік бір мезгілде экономикалық саясаттың құралы мен мақсаты болып табылады» деп жазылған сайтта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.