Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің арызына қатысты пікір білдірді. Ол оқушылардың төбелесі туралы видео әлеуметтік желіде бір сағаттың ішінде бұғатталатынын алға тартты.
Дәурен Абаевтың сөзінше, қазіргі жүйе тек әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты болады. Ал мессенджерлерге тарамайтынын жеткізді.
«Енді, біз барлық мәселелерді шеше алмаймыз. Иә, Білім және ғылым министрлігінің өтініштерін қарау мерзімін, жалпы осы саладағы әкімшілік процедураларды бір сағатқа дейін қысқарттық.
Алайда әлеуметтік желінің әкімшісі де бар.
Сондықтан видеоны бұғаттау уақыты созылып кетуі мүмкін.Бірақ онымен біреу зорлық-зомбылық фактілерін жасырайын деп отырған жоқ. Біз әрбір әрекеттің заңды түрде қаралғанын қалаймыз», – деді ақпарат және коммуникациялар министрі.
Дереккөз: nur.kz
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024