Никол Пашинянның саяси альянсы мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен соң екінші рет Армения премьер-министрі болып тағайындалды.
Президент Армен Саркисян құжатқа 14 қаңтар күні қол қойып, Пашинянды құттықтады.
Ал Никол Пашинян «Арменияда негізгі саяси өзгеріс жасалды. Билік халықтың қолына өтті және Арменияда демократия орнады» деді.
Пашинян бұған дейін жемқорлыққа қарсы күрес туралы жиі жазған журналист әрі оппозициялық депутат еді. Ол былтыр мамырда Арменияда бірнеше аптаға созылған жаппай наразылық шерулерінен соң премьер-министр болып сайланған. 2018 жылы екі мерзім ел президенті болған Серж Саргсянның сәуір айында премьер-министр қызметіне сайланған. Бұл тағайындауға халық қарсы болып, наразылыққа шыққан.
Бірақ билеуші Республикалық партия депутаттары парламентте көпшілік орынды иеленіп отырған соң Пашинян парламентті тарату мақсатында қазан айында отставкаға кетіп, мерзімінен бұрын сайлау өткізу керек екенін мәлімдеген.
Арменияда былтыр 9 желтоқсан күні өткен парламент сайлауында премьер-министр міндетін атқарушы Никол Пашинянның «Менің қадамым» блогы жеңген. Оған сайлаушылардың 70,4 пайызы дауыс берген. Қазір парламентте отырған 132 депутаттың 88-і – Пашинянның жақтасы.
Парламенттен «Көркейген Армения» партиясына 26, батысшыл «Мәдениетті Армения» партиясына 18 орын тиген. Бұған дейін билікте отырған Арменияның республикалық партиясы сайлаушылар даусының 5 пайызын жинай алмағандықтан парламентке өтпеген.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024