07-12-18 |
1430 рет қаралған
Пашинян: ҰҚШҰ саммитін шегеруді сұраған жоқпыз.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бас хатшысының міндетін атқарушы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван ұйымның 6 желтоқсанға жоспарланған Санкт-Петербургтегі саммитін кейінге ысыруды сұрамағанын мәлімдеді. Бұл жайында Азаттыққа Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзіне түсінік берген Армения премьерінің баспасөз хатшысы Арман Егоян айтты.

4 желтоқсанда Ушаков Мәскеуде журналистерге ҰҚШҰ саммиті Ереванның өтініші бойынша 2019 жылға шегерілетінін айтқан еді. Ушаков Армения 9 желтоқсанға белгіленген мерзімінен ерте парламент сайлауына дайындалып жатқандықтан саммит болмайтынын мәлімдеген.

Алайда, Арман Егоян Никол Пашинян бұған дейін журналистерге саммит мерзімін өзгертудің шынайы себебін түсіндіргенін және Армения оны кейін өткізуді сұрамағанын хабарлаған. Пашинян 2 желтоқсанда саммит ҰҚШҰ бас хатшылығына кандидатты таңдауда ортақ келісім болмауына байланысты кейінге қалдырылатынын айтқан. Қазір ҰҚШҰ бас хатшылығын ротация бойынша Армения атқаруы тиіс. Өткен айда Ереван ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуровты шақыртып алып, айып таққан.

Армениядағы ішшкі саяси жағдайлар ҰҚШҰ-ға да әсер еткен. Кремльді сынайтындардың пікірінше, Путин ҰҚШҰ-ны Ресейдің постсоветтік кеңістіктегі ықпалын сақтап қалуға пайдаланады.

ҰҚШҰ құрамында Армения мен Ресейден өзге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бар.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.