Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының жаңа әкімі болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды.
«Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын» делінген жарлықта.
Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі:
1995 ж. – Ақмола қаржы-экономика техникумын «Салықтар қаржыгері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000 ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржыгер және экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2004 ж. – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2017 ж. – М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, Master of Business Administration іскери әкімшілдендіру шебері дәрежесіне ие.
Еңбек жолы:
1995-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы жанама салықтар бөлімінің маманы. 1998-1999 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы. 1999-2000 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің басшысы. 2000 ж. – Павлодар облысы бойынша салық комитетінің тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы. 2000-2001 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті төлемдерді талдау, болжалдау және есепке алу бөлімінің басшысы. 2001-2005 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары. 2005-2006 жж. – ҚР ҚМ СК Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2006-2008 жж. – Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары. 2008-2010 жж. – Павлодар облысы бойынша салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының басшысы. 2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті бастығы. 2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары. 2014-2016 жж. – Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы қорғансы министрінің орынбасары. 2019 жылдың 25 сәуірінен – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. 2020 жылдың 21 қаңтарынан – Павлодар облысы әкімі.
Мемлекеттік наградалары:
«Салық қызметінің үздігі» атағы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі, «Мемлекеттік қызмет үздігі» атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі.
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024
-
16.05.2024