03-11-21 |
970 рет қаралған
Қазақстанда үш жылда төрт жаңа абақты салынады.
Қазақстанда үш жылда төрт жаңа абақты салынады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда төрт жаңа колония салынатынын мәлімдеді.

«Алдағы үш жылда біз үш облыста бір жарым мың орындық жаңа типті төрт колония салуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде халықаралық ұйымдар мен жұртшылық талап ететін бүкіл норма сақталады», – деп мәлімдеді министр мәжіліс кулуарында.

Қазір Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.