04-09-20 |
290 рет қаралған
Революциялық шешім.
Революциялық шешім

«Жауапты хатшылар институтын жою революциялық шешім. Институт министрліктердің кадр саясаты мен жұмысын жақсартуға байланысты артқан үмітті ақтамады». Сенат депутаты Еділ Мамытбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.  

«Менің ойымша, жауапты хатшылар институтын жою туралы шешім революциялық болып табылады. Министрлер мен жауапты хатшылар арасында мүдделер қақтығысы жиі туындады, бұл мемлекеттік органның қызметіне теріс әсер етті. Бұл шешім тек пайдалы болады», – деді сенатор мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жауапты хатшылар институты министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстар мен қағазбастылықтан босатып, жұмыстың тиімділігін арттыру үшін 2007 жылы енгізілген болатын.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.