10-01-20 |
450 рет қаралған
Роман Склярға сұрақ қоймақ болған журналиске полиция формасын кигендер күш көрсеткен.
Роман Склярға сұрақ қоймақ болған журналиске полиция формасын кигендер күш көрсеткен

«ҚазМедияОрталғының» екі күзетшісі «Vласть» басылымының астаналық басшысы, журналист Тамара Ваальдің қолын бұрап, күш көрсетекен деп жазады  аталған басылымның өзі.

«Біз әріптестерімізбен брифингтен кейін Романа Склярдың пікірін жазып алмақ болдық. Біз «Bek Air» әуе компаниясында құжат бойынша Нұрлан Жұмасұлтанов кім екенін және неге ол компания мүддесін қорғап жүргенін сұрағымыз келген. Бірақ күзетшілер біздің жолымызды кесіті. Олардың бірі форма киген полиция өкілі, ал екіншісі іскерлік костюм киген. Жүрмек болғанымда олар мені ұстап алып, қолымды қайыра бастады.  Босап шығуға тырысқанымша, әріптесім вице-премьердің артынан жүгірді. Олар әріптесіме назарларын аударғанда  босап шықтым», – дейді журналист.

«ҚазМедияОрталғының» күзетшілері деп жазған «Vласть» журналистері орталық басшылығынан кешірім талап етіп отыр.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық коммуникациялар орталығында Bek air ұшағының апатына байланысты баспасөз мәслихаты өткен еді.  Жиынға ҚР премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфроқұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченко қатысқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.