12-04-21 |
410 рет қаралған
Сапарбаев басқарған әкімдік азық-түлік бағасын реттей алмай отыр.
Сапарбаев басқарған әкімдік азық-түлік бағасын реттей алмай отыр

Премьер-министр Асқар Мамин Атырау және Жамбыл облысы әкімдерінің орынбасарларына ескерту беруді қолдады. Қос өңірде әлеуметтік маңызды тауарладың бағасы негізсіз өскен.

Үкімет мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы негізсіз қымбаттауын бақыламаған екі облыс әкімінің орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды сұрады.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен бірге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бағалар 4,8 пайызға өсті. Қабылданған шаралар нәтижесінде министр баға тұрақтандырылды деді.

«Соңғы үш аптада бағалар 0,2 пайызға өсті, өткен жылы осы кезеңдегі бағалар 3,5 пайызға өсті. Сонымен қатар, 6 сәуірдегі жағдай бойынша кейбір аймақтарда жоғары өсім байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарушы органдардың басты міндеті бағаның өсуіне жол бермеу болып табылады. Азық-түлік бағаларының өсуі қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін білдіреді. Бағаның өсуіне жол берген әкім орынбасарларына тәртіптік жаза қолдануды сұраймын», – деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қай облыстардың әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс беру керектігін нақтылады.

«Атырау мен Жамбыл облыстарында біз әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өскенін байқадық. Сондықтан бұл аймақтардың әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс беру керек. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттердің кірісі артқанын байқап отырмыз. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар проблемалық мәселелерді анықтап, оларды жергілікті бюджеттен жабуы керек», – деді Смайылов.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.