30-12-21 |
730 рет қаралған
Сенат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сенат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл өзгерісті депутаттың басқа жұмысқа ауысуына байланыстырды. 

«Нұрлан Наурызұлы Алматы облысынан сайланған депутат ретінде бес жылдан астам жұмыс істеді. Осы аралықта сенаттың заң шығару жұмысына, өңірлердің мәселесін шешуге белсенді атсалысты. Палатаның қызметіне өзінің қомақты үлесін қосты. Комитеттің жұмысын тиімді ұйымдастыруға да біраз еңбек сіңірді», – деді Әшімбаев.

Сенат депутаттары әріптесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

Еске сала кетейік, кеше мәжіліс отырысында Бекболат Тілеуханның өтінішімен оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.