11-03-20 |
1170 рет қаралған
Шекспир колледжге барған ба? – Илон Маск жоғарғы оқу орнында оқудың қажеті жоқ дейді.
Шекспир колледжге барған ба? – Илон Маск жоғарғы оқу орнында оқудың қажеті жоқ дейді

Фото:theguardian

SpaceX, Тesla, PeyPal компанияларының негізін қалаған ғалым, миллиардер Илон Маск жоғарғы оқу орнында оқудың қажеті жоқ деп, өзі басқаратын SpaceX компаниясына қызметкерлерді қабылдағанда да бакалавр немесе магистр ғылым дәрежесінің болуын талап етуді доғару керек екенін айтты.

– Менің ойымша колледждер көңіл көтеру үшін және міндетіңді орындай алатыныңды дәлелдеу үшін ғана керек, бірақ білім алу үшін емес, -деді миллиардер.

Илон Маск бұл мәлімдемені Вашингтондағы Satellite 2020 конференциясында өзіне қойылған сұраққа жауап беру кезінде айтты.

Конференция қатысушыларының бірі SpaceX компаниясы өзіне жұмысшылар қабылдап алғанда үміткерден бакалавр ғылыми деңгейінің болуы талап ететіні және магистр деңгейі болғаны құпталатынын айтқан.

Илон Маск бұл талаптарға қарсы екенін білдіріп, электромобиль шығаратын Тesla компаниясында да мұндай талаптар жоқ шығар деп үміттенетінін айтты. Себебі мұндай талаптар қою оның сөзінше -«абсурд». Ол маманды жұмысқа алғанда тек қана қабілетке қарау керек дейді.

Сосын Маск жоғары білім алмаған, тіпті колледжді тастап кеткен бірқатар данышпандарды тізіп шықты: Билл Гейтс, Стив Джобс және Ларри Эллисон. Сонымен қатар Шекспирді де еске алды.

– Шекспир колледжге барған ба? Бармаған шығар, -деді миллиардер.

Илон Масктың өзінде екі бакалавр білім деңгейі бар. Ол Кингстон Корольдік университетінде, Онтариода және Пенсильвания университетінде оқыған. Илон Маск Дональда Трамптың Уортон мектебін 1997 жылы бітірген. Ал Стэнфорд университетіне докторлыққа түскеннен кейін екі күн өткенде оқуын тастап кеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.