26-08-19 |
880 рет қаралған
Такси фильміндегі Даниель Абайдың өлеңін оқыды.
Такси фильміндегі Даниель Абайдың өлеңін оқыды

Францияның комедиясы «Такси» фильмінде такси жүргізушісі Даниельдің рөлін сомдаған актер Сами Насери Абайдың 175 жылдығына арналған ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына қатысты.

Актер эстафетаны Мұрагер атты досынан қабылдағанын айтып, Абайдың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін француз тілінде оқыды.

Актер өліңін аяқтағаннан кейін эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

Еске салсақ, 9 жастағы Ләйлімшырақ есімді бүлдіршін Абайдың 175 жылдығына арналған ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын бастап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді. Президент Абайдың «Білім таппай мақтанба» өлеңін оқып, эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Сөйтіп Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына өзге де елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының белді тұлғалары мен шетелдік дипломаттар қосылды. Айта кетерлігі, Абай өлеңдерін жатқа оқу науқанына шетелдік танымал тұлғалардың қатысуы бірінші емес.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.