02-06-23 |
2070 рет қаралған
«Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.
«Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды.

Өтінімдер 18 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2022 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынай алады.

Номинациялар:
1. Үздік ақпараттық бағдарлама
2. Үздік әлеуметтік жоба
3. Үздік журналистік зерттеу
4. Үздік аналитикалық бағдарлама
5. Үздік ток-шоу
6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы
7. Үздік тележурналист
8. Үздік тележүргізуші
9. Үздік спорт комментаторы
10. Үздік аймақтық телеарна
11. Үздік деректі фильм (Қамал Смайылов атындағы арнайы премия)
12. Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия)

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 500 астам кәсіби журналист қатысуға өтінім беріп, 258 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 70 маманы ие болып отыр.

2023 жылдың жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.