12-12-20 |
650 рет қаралған
Түркістан – Төле би: «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда.
Түркістан – Төле би: «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қойбағаров, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Ф.Калтаева, А.Шырынбек және Е.Жабаев «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Акция барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, онда кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі ережелері – еңбек ақыны көбейту, мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Партия, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын, биліктің партиясы ретінде көшбасшылар арасындағы сабақтастықты орнататынын тілге тиек етіп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі бірінші орында. Тұрғындардың ұсыныстарын саралап, осы мәселелерді шешу жолында әрекет етуге дайынбыз. Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды.

 

«Nur Otan» партиясы Түркістан  облысының Сайлау қорының қаражатының есебінен төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.