07-10-18 |
1450 рет қаралған
UFC: Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорды жеңді.
Аралас жекпе-жек түрінен (UFC) жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпион ресейлік Хабиб Нурмагомедов екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді.

Қазанның 7-і күні таңертең (Астана уақытымен) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жекпе-жек барысында МакГрегор төрт раунд бойы дағыстандық спортшыға лайықты қарсылық көрсете алмай, тіпті бір рет нокдаун алды. Төртінші раундта Нурмагомедов қылғындыратын әдіс қолданып, бәсекелесінен күш асырды.

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов – UFC нұсқасы бойынша жеңіл салмақта чемпион атанған. Ол бұған дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген.

Ирландиялық Конор МакГрегор – аралас жекпе-жектен жартылай жеңіл салмақта чемпион болған. Осы кезге дейін ол 21 рет жеңіске (үшеуінде – мезгілінен бұрын) жетіп, үш рет ұтылған. Оны жеңгендердің бірі – америкалық әйгілі кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер.

Биыл сәуірде Нью-Йорк қаласында МакГрегор Нурмагомедов отырған автобусқа баса-көктеп кірмек болған. Оны ұстап, спортшы айыбын мойындаған. Өрескел қылығы үшін оған бес күн қоғамдық жұмыстар атқаруды және ашуын жеңе білуді үйрететін курстан өтуді міндеттеген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.