12-11-18 |
1770 рет қаралған
Қырғызстанда шабуылға ұшыраған журналист арызданудан бас тартты.
Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен журналист Санрабия Сатыбалдиеваның жағдайы бірқалыпты. Бұл жайында журналистің өзі хабарлады.

Оның сөзінше, дәрігерлер пышақ жарақатының орнын тігіп, таңған. Ол милицияға арызданудан бас тартқанын айтты.

– Оқиғадан кейін құқық қорғау органдарының 20 қызметкеріне жауап беріп  шаршадым. Сұрақтары әртүрлі болды. Тіптен, егер мен суреттеп берген адам табылған күнде, егер ол қылмыс жасамаған болып шықса, жалған ақпарат бердің деп үстімнен іс қозғайтындарын ескертті. Сондықтан бас тарттым, – деді ол.

Журналист Санрабия Сатыбалдиеваға 9 қараша күні таңертең үйінің жанында белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасаған.

Сатыбалдиева – YouTube-тағы MalinaTV каналын жүргізуші. Ол каналында өзі тұрып жатқан қаладағы әлеуметтік мәселелерді көтереді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.