05-03-24 |
3530 рет қаралған
Алматыда жер сілкінісінен үйлердің бүлінуі бойынша 156 өтініш түскен.
Алматыда жер сілкінісінен үйлердің бүлінуі бойынша 156 өтініш түскен

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жедел желі телефонына 239 қоңырау түскенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі бүлінулер туралы 156 өтініш түсті. Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар», – делінген хабарламада.

Тыныс -тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс жасауда.

Алматыдағы барлық ағымдағы халықты қабылдау пункттерін Яндекс карталарында сілтеме бойынша немесе іздеу жолағына «Алматыда халықты қабылдау пункттері» деп теру арқылы табуға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.