03-02-21 |
490 рет қаралған
Алматыдағы көлік жөндеу орталығында 20 көлік жанып кетті (видео).
Алматыдағы көлік жөндеу орталығында 20 көлік жанып кетті (видео)

Өрт сөндірушілер жалынға орынған орталықты екі сағатта әрең сөндірді. Ғимараттан тек 15 көлікті алып шығу мүмкін болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

2 ақпан күні түнде Алматының Бостандық ауданы Сәтбаев көшесінде көлікке қызмет көрсету орталығынан өрт шықты. Өрт сөндіру қызметіне хабар сағат 21.52-де түскен.

Алдын ала болжамға сәйкес, 20-ға жуық көлік өртеніп кеткен. Ыстық температура әсерінен тағы төрт машина зақымданды. 15 көлікті ғимараттан алып шығу мүмкін болды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт 23:09-де ауыздықталып, 23:47-де сөндірілді.  

Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың жалпы аумағы – 1 300 шаршы метр. Оған жету үшін эвакуатор көмегіне жүгінуге тура келді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.