Ақтөбе облысында полиция ақбөкенді заңсыз атқан облыс тұрғындарын ұстады.
2 желтоқсанда Ақтөбе қаласында «Ақбөкен» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан екі қап ақбөкен өлексесі табылды.
Осыдан кейін Шалқар қаласында жедел тергеу шаралары аясында өзінің гаражында ақбөкеннің етін бөлшектеп жатқан кезінде үш жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұсталғандардың бірінің гаражынан ақбөкеннің 8 ұшасы, ақбөкеннің 6 мүйізі, ал УАЗ көлігінен тағы бір ұшасы табылды. Күдіктілердің екеуі ашық жерде жайылып жүрген ақбөкендерді ату мақсатында Урал мотоциклмен далалыққа шығып, жануарларды Шалқар қаласының тұрғындарына сатпақшы болғаны анықталды.
Ұсталғандар 11 ақбөкенді атып алған. Олар бір ұшаны 35 мың теңгеге сатқан. Ақбөкендерді заңсыз аулау және жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024