19-02-24 |
1420 рет қаралған
Астанада жиһаз цехы өрте оранды.
Астанада жиһаз цехы өрте оранды

Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіруде.

Бүгін сағат 08-44-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесінде орналасқан ғимараттың өртенуі бойынша жоғары дәрежеде шақырылған.

«Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы 500 ш.м»,-делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.