02-04-24 |
4420 рет қаралған
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай енгізілді.
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай енгізілді

Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы өңірдің әкімдігі мәлімдеді.

«Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Тиісті шешімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы болып тағайындалды», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Атап өткендей, облыста су тасқыны салдарынан күрделі жағдай қалыптасты.

«Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбі, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты. Ресейден бастау алатын бес трансшекаралық өзенде су деңгейі көтерілуде. Соның салдарынан Қазталов және Жанғалы аудандарына құятын Қараөзен мен Сарыөзен өзендерінің су деңгейі көтеріледі. Қазір бұл аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Шаған мен Деркөл өзендері қауіпті деңгейге жетіп, Жайық өзеніндегі су көлемі артып келеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның жартысы балалар. Су тасқынынан зардап шеккендерді жедел эвакуациялау пункттері ұйымдастырылып, қажетті жағдайлар жасалуда», – деп толықтырды облыстық басқармадан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.