18-02-24 |
3540 рет қаралған
Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды.
Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды

Қарағандыда тұрғын үйдің бу қазандығы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 03:30-да екі отбасылық үйдегі бу қазандығы жарылып, ғимарат толық опырылып түскен.

«Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін №2 пәтерден бес адам, оның ішінде екі бала өз бетімен шығып кетті. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері үйінді астынан ер адамды шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 24 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.