22-10-24 |
2010 рет қаралған
Қостанайда шетелдік екі дроппер ұсталды.
Қостанайда шетелдік екі дроппер ұсталды

Шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы «кураторлар» жіберген банк карталарына аударған.

Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастады.

Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі.

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.