07-03-24 |
1660 рет қаралған
Ресейден жеткізілген қызанақтардан вирус анықталды.
Ресейден жеткізілген қызанақтардан вирус анықталды

Ресейден жеткізілген қызанақтардан вирус анықталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.

«Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы 26 қаңтарда Ресей Федерациясынан келіп түскен 1 тн көлемінде карантинге жатқызылған қызанақ өнімдеріне қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусын (ToBRFV) анықтады. Қазақстан Республикасының аумағына залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелгені үшін инспектор ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша хаттама толтырып, сондай-ақ істің барлық материалдары сотқа берілді», – делінген хабарламада.

Сот шешімімен 2024 жылдың 12 ақпанында өнім алушы кінәлі деп танылды. Жасалған құқық бұзушылық үшін 77 532 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ залалданған барлық өнім арнайы белгіленген аумақта өртеу әдісімен жойылды.

Жою комиссияның қатысуымен өтті, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, экология департаментінің өкілдері, Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы, сондай-ақ карантиндік өнім иесінің қатысуымен өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.