19-02-24 |
3340 рет қаралған
Семейдегі аспалы көпірдің неліктен ашылып кеткені айтылды.
Семейдегі аспалы көпірдің неліктен ашылып кеткені айтылды

Әлеуметтік желіде Семейдегі аспалы көпірдің арасы ашылып кеткені туралы видео тараған болатын. Облыс әкімдігі аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

«2024 жылғы 18 ақпанда Абай облысы Семей қаласындағы аспалы көпірді тексеру нәтижесінде көпірдің элементтері арасындағы деформациясының алдын алу үшін (созылу, иілу, сондай-ақ әртүрлі элементтерді ығысу кезінде, әртүрлі жүктемелер кезінде) арналған бөліктері №1 тіректе шамамен 70 мм және №10 тіректе 60 мм-ді құрайды деген қорытынды шықты. Нәтижесінде көпір тіректерінің жағдайы қанағаттанарлық, қауіп анықталған жоқ», – делінген әкімдік таратқан мәлшіметте.

Деформациялық бөліктердің ашылуы сыртқы ауаның төмендеуі кезінде пайда болғаны айтылған.

«Ұзақ уақыт бойы, түнгі кезде температура -30 градустан төмен түсті. Аспалы көпірдің негізгі «750 метр» төсемінің, көпір конструкцияларының зақымдануы табылған жоқ, аспалы көпірдің көпір анкерлері қанағаттанарлық жағдайда», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.