15-02-24 |
3810 рет қаралған
Теміртауда дүкенде газ жарылды, қаза тапқандар бар.
Теміртауда дүкенде газ жарылды, қаза тапқандар бар

Бүгін таңертең Теміртаудағы екі қабатты дүкенде газ жарылды. Құтқарушылар үйінді астынан әйел адамның мәйітін алып шықты, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

15 ақпанда сағ ат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесі бойында 2 қабатты дүкен ғимаратында  газ жарылған. Жарылыспен қатар дүкен өртке оранған.

«Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді талдауға кірісті», – делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына барған.

Сағат 08.44 үйінді астынан әйел адам шығарылды, ол үйінді астында ер адам барын айтқан. Сағат 09.49-да. үйіндінің астынан өмір белгілері жоқ әйел шығарылды.  Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.