31-01-25 |
300 рет қаралған
Жамбыл облысында күдіктіні азаптаған полицейлерге қатысты тергеу басталды.
Жамбыл облысында күдіктіні азаптаған полицейлерге қатысты тергеу басталды

2025 жылдың 29 қаңтарында Жамбыл облысының прокурорлары бейнебақылау камералары арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын тексеру барысында Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары тарапынан қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты азаптау фактісін анықтаған.

Аталған факт бойынша прокуратурамен ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар).

Полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Прокуратура қылмыстық процесте адамның құқықтарын қатаң сақтауға шақырады және азаптаулар жасағаны үшін ең ауыр жаза 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.