24-11-21 |
1860 рет қаралған
«Жолдасының көңілдесі болған»: Үш баласымен суицид жасаған келіншектің туыстары қайғыдан қан жұтып отыр.
«Жолдасының көңілдесі болған»: Үш баласымен суицид жасаған келіншектің туыстары қайғыдан қан жұтып отыр

Алматыда үш баласымен 9 қабатты үйдің терезесінен секірген Бақытгүл Қыдырбаеваның туыстары мәлімдеме жасады. Олар қайғылы жағдайға марқұмның жолдасын кінәлайды.

Бүгін 24 қараша күні қайғылы оқиғамен елді есеңгіреткен Бақытгүл Қыдырывамен оны бүлдіршіні (екі қыз бен бір ұл) жер қойнына тапсырылды.

Марқұмның туған әпкесі Оразгүл Мырзабекова күйеу баласының көңілдесі болғанын жайып салды.

«Сіңілімнің күйеуі казино жағалап, карта ойнайды. Жақында Бақытгүл екеуінің арасында үлкен жанжал болды. Олардың арасы жақсы болмағанын жігіттің туыстары білді. Сіңілім бітпейтін даудан шаршап кеткен болу керек. Шыдай алмай, таңдау жасай алмау қалды-ау. Нұрсұлтан (марқұмның жолдасы) басқа әйелге кетіп қалды. Оның ақша беріп отыратын көңілдесі бар»,- дейді Мырзабекова.

Марқұмның тәтесінің айтуынша, ол әйелдің де үш баласы бар және төртінші балаға аяғы ауыр. Қатынастың бұрыннан жалғасып келе жатқанын, оны бәрі білетінін хабарлады.

«Нұрсұлтан үнемі үйде жанжал шығарып, Бақытгүлге қол көтеретін. Оның мұндай жағдай барғанына сене алар емеспін. Жолдасы өз балалары көмекке мұқтаж кезде біреудің балаларының көңілін аулап жүрді. Ол ойынқұмар болғанын неге айтпаған. Сіңілім күйеуінің туыстарынан үнемі сөз естейтін»,- дейді тәтесі.

Айта кетейік, Алматыда 22 қарашада Жетісу-1 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті. Төртеуі де көз жұмды.

Алматылық келіншек өлер алдында хат қалдырған. Ол сынаққа шыдай алмағанын, кінәлілердің өзі білетінін айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.