08-04-19 |
26680 рет қаралған
Қазақстан Қытайға 200 млрд. доллар қарыз және тағы да 300 млн. доллар несие алмақшы.
Қазақстан Қытайға 200 млрд. доллар қарыз және тағы да 300 млн. доллар несие алмақшы

Бүгін Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Қытайдан жеңілдетілген несие алу жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды baq.kz

Отырыста қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд 60 млн юань (116 млрд теңге немесе 300 млн доллар) 20 жылға 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алу туралы министрлік ұсынысын айтқан. Бекетаевтың айтуынша, бұл қаражатқа шекара бекеттерінде жөндеу жүргізілмек екен.

«Үкіметімізде Қытаймен байланысты тікелей несие жоқ. Бізде мемлекеттік кепілдендірілген қарыз аясында кепілдік берілген несиеміз бар. Бүгінде бұл  200 млдр долларды құрап отыр. Осы несиелер автожол саласына  бағытталған.  Ал, осы алынатын несиеге 9 бекетке жөндеу жұмысы жүргізіледі. 8 автокөлік және 1 теміржол бекеті не бағытталған. Біз бұл ақшаға жабдық аламыз. Жабдық 20 жыл бойы жақсы қызмет көрсетеді. Олардың жұмысының тоқтап қалмауын толықтай Қытай тарапы қамтамасыз етеді», – депі вице-министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.