25-04-22 |
310 рет қаралған
«Билік пен Назарбаевтың арасы үзілген жоқ».
«Билік пен Назарбаевтың арасы үзілген жоқ»

Өткен аптада экс-президент араға көп уақыт салып қайтадан ел алдына шықты. Ол – «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады. Назарбаевтың қайта көрінуі әртүрлі әңгімеге негіз болды. Әр Назарбаев қоры «КТК» арнасының акцияларын сатып алғаны да мәлім.

Осыған орай arasha-ға берген пікірінде Дос Көшім «Өз басым, ешқандай саяси сауданы көріп тұрған жоқпын. Билік пен Назарбаевтың арасы үзілген жоқ деп ойлаймын», – деп жауап берді.

Назарбаевтың ел алдына шығуы қоғамды алаңдататын жайттар көп. Соның бірі – Тоқаев билігінің кадрлары тұтастай дерлік Назарбаев жүйесінің адамдары. Дос Көшімнің айтуынша, ескі кадрлармен Жаңа Қазақстан жасалмайды.

«Тоқаевта кадрлық дағдарыс бар. Бірақ оны Тоқаев сезеді ме екен…Осы отыз жылда жасақталған кадрлар – бұрын Назарбаевтың кадрлары болса, қазір Тоқаевтың кадрлары. Әрине, ескі кадрлармен Жаңа Қазақстанның жасалмайтыны белгілі. Бірақ Тоқаев шын мәнінде Жаңа Қазақстан жасағысы келіп отыр деп кімді сендірмекпіз», – дейді сапаршы.

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев ел алдына екінші рет шығып отыр. Назарбаев әлі де елбасы мәртебесін сақтап отыр. Елбасы туралы конституциялық заң әлі күшінде. Заңның күшін жою туралы петиция жарияланған. Сондай-ақ Назарбаев атындағы даңғылдар, саябақтар, әуежай және қала атауы сол қалпы тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.