21-09-22 |
1790 рет қаралған
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді

Кезектен тыс президент сайлауы биыл 20-қарашада өтеді. Бұл туралы президент Тоқаев қол қойған жарлықта айтылды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген жарлықта.

 

Президент Тоқаев биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетінін 1-қыркүйектегі жолдауында айтқан еді. Содан бері қоғамда бұл тақырып қызу талқыға түскен. Кейін президенттің өкілеттік мерзімін бір рет 7 жыл ету туралы конституцияға өзгеріс енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.