02-04-19 |
2420 рет қаралған
Назарбаев: Қасым-Жомарт Тоқаев үмітімді ақтайды деп сенем.
Назарбаев: Қасым-Жомарт Тоқаев үмітімді ақтайды деп сенем

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы, Қарасай ауданы Шамалған ауылына – туған жеріне барып, жерлестерімен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Жұртшылықпен жүздесу кезінде Н.Назарбаев алдағы жоспарлары жайлы да сөз етіп: «Мен Елбасы ретінде стратегиялық мәселелерге көңіл бөлетін боламын. Қасым-Жомарт Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін, – деді.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенетінін де айтқан.

– Мен Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенемін. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Кім бизнес ашқысы келсе, оған несие беріледі. Мамандығы жоқ болса, мемлекет оған жаңа кәсіптік білім береді. Мәселе жұмыстың жоғында емес, мамандықтың болмауында. Сонымен қатар, біз ауылдарды дамыту үшін көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз.

Назарбаев сапар барысында сыныптастарымен кездесіп, Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.