29-05-19 |
680 рет қаралған
Назарбаевқа еуразиялық экономикалық одақтың «құрметті төрағасы» атағы берілді.
Назарбаевқа еуразиялық экономикалық одақтың «құрметті төрағасы» атағы берілді

Қазақстанның бірінші президенті Н.Назарбаев еуразиялық экономикалық форумның құрметті төрағасы болды. Бұл буралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Бүгін еуразия экономикалық форумы жоғарғы кеңесінің шағын құрамдағы кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «еуразия экономикалық форумы жоғарғы кеңесінің құрметті төрағасы» атағын беру туралы шешім қабылданды», – деп жазады А.Үкібай.

Кеше Н.Назарбаев өзінің атындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Ресей президенті В.Путинді, Белоруссия президенті А.Лукашенконы және Қырғыз президенті С.Жээнбековті  марапаттаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.