21-06-19 |
3660 рет қаралған
Назарбаевтың Қазақстанды 30 жыл басқарғанын Алматыда атап өтті.
Назарбаевтың Қазақстанды 30 жыл басқарғанын Алматыда атап өтті

Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстанды 30 жыл басқарғанына арналған «Отыз жыл көшбасшы» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға президент Қ.Тоқаев қатысты.

Жиында Назарбаев отыз жылдағы еңбегін және Қазақстаның саяси-экономикалық жағдайында болған өзгерістерді айтты.

Қ.Тоқаев Назарбаевтың Қазақстанды басқарған отыз жылы «ел тарихындағы маңызды кезең» деп атады.

Жиынға әртүрлі елдерден келген сарапшылар және бірқатар депутаттар қатысты.

Назарбаев 1989 жылы 22 маусымда Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік алды. Биыл 19-наурызда Назарбаев өз еркімен президент қызметінен кетіп, 9-маусымдағы сайлауда Тоқаев президент болып сайланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.